Еркеле, жаным, жарым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Еркеле, жаным, жарым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1556
Еркеле, жаным, жарым,
Сүйкімді қылығыңмен.
Білесің сарын барын,
Жалғасқан ұлы күнмен.
Ол біздің өмір айдын,
Болмашы мұнарланған.
Тым ерте жорымайын,
Бір бақыт шығар алдан.
Дәл қазір жадаумыз тым,
Қиындық қара-құрым.
Адалдық – жалау біздің,
Білдірген саралығын.
Еркеле, жасымағын,
Бақытты күйге енеміз.
Қонбасын басыңа мұң,
Қашанғы күйзелеміз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркеле, жаным, жарым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Еркеле, жаным, жарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркеле, жаным, жарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркеле, жаным, жарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері