Бұл бетте «Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады,
Дыңылдады жүректің мұң-шанағы.
Жасы жуып ақ жүзін ару тұрды,
Жоғалған-ау сірә да гүл шағы, әні.
Сәмбі тал жоқ көз тартар ...
Жұрын ғана,
Сексиеді сүйкімсіз,
Бұрынғы ада.
Түксиеді қара бұлт түршіктіріп,
Таусылыпты жапырақ жырымдала.
Қаңбақ қуып ессіз жел жынданады,
Көрінбейді жайдары күн қабағы.
Бозарыпты күллі әлем сұрқай тартып,
Керек десең ауа да дымданады.
Күн күркіреп, мен болсам – күрсінемін,
Таба алмадым көңілдің бір шын емін.
Қара бұлттың астында қала көрме,
Аққу-қазым, шуақта жүрші менің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі