Бұл бетте «Әңгүдік бұлттар жөңкиді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әңгүдік бұлттар жөңкиді,
Жылқының жалын есіп жел.
Қаймақ-мұз суда көлкиді,
Келетін болсаң кешіп кел.
Сезімің бар ма лықсыған?
Ойыңның бәрі ақ қылау.
Керек жоқ сөзің бықсыған,
Діңкемді құртты қап, мынау.
Әңгүдік неткен кеще еді,
Баладай жасып, жасқандым.
Қатырды жерді – кеш желі,
Жамалын жанның басқан дым.
Салқыны ұрды сәуірдің,
Басылмас әсте сарығым.
Тұрғаны болмай дәрудің,
Тартады мені кәрі құм.
Әңгүдік бұлттар, әңгүдік,
Көпірдің! Көштің! Сабылып.
... Кеудемде менің сан күдік,
Кетер ме шекем шағылып?..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі