Дір-дір етіп саусағың құшақтадың

Бұл бетте «Дір-дір етіп саусағың құшақтадың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1967
Дір-дір етіп саусағың құшақтадың,
Өмірімде болса егер үш-ақ бағым.
Бірі – өзің деп санадым, періштем-ау,
Арманымдай көгімде
Ұш, әппағым!
Қимылыңнан көрінер салиқалық,
Адамдығың жанымды далитар, ұқ.
Саған ғана сымбаттым, парыздармын,
Төбесіне көтерсе тани халық.
Шапағатың жүрекке даруы бар,
Мүлдем өшкен санамнан тарығулар.
Бұл жалғанда сірә мен бақыттымын,
Аялайтын өзіңдей аруы бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері