Азамат – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Азамат» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4977
Жасаған өзі жарылқап,
Жер жарылып көктейді.
Берейін десе жігітке,
Талабын құдай етпейді.
Азамат ерден қол үзбе,
Күндердің күні болғанда,
Басыңа қиын іс түссе,
Қайырылып саған, кетпейді.
Арғымақтың баласы -
Мойны жалсыз болса да,
Қараны көрсе, өктейді.
Үйірде құтпан жалды айғыр,
Жанына ерген саяғын,
Құлағын жымып, теппейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері