Жанарымнан жас ақты бұршақтаған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жанарымнан жас ақты бұршақтаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 977
Жанарымнан жас ақты бұршақтаған,
Жүрегімде шер қалың жыр сақтаған.
Қай жағада қаламын бордай тозып?
Берер емес қу тағдыр мұрсат маған.
Бүрі жоқ қой бедерлі табанымда,
Тұман ойдан бөлінді сана мыңға.
Сен де жүрсің құр іштей үгілумен,
Ызғары бар құсаның жамалыңда.
Таңға жақын жылайсың байғыздайын,
Көзің – нілді, бетіңде – айғыз дәйім.
Махаббатың – қасірет, мүжілесің,
Жеп бітеді түбінде әй, бізді уайым.
От түтетіп, бір кезде одақ құрдық,
Иба менен сезімді тонаттырдық.
Екеумізді жазбапты мәңгілікке,
Құйрығындай көкжалдың шолақ тірлік.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері