Бұл бетте «Дала мамық, сана мамық» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Дала мамық, сана мамық,
Мамық күн,
Аяз келді көзіме өрнек салып тым.
Қаңтар туды,
Ескі жылды
Ұзаттық,
Мәртебесін биіктеткен халықтың.
Көрінсек деп ұмтылып-ек
Заңғардан,
Еркіндікті
Аңсап талай қарманғам.
Көксегенге қолым жетті,
Көксеңгір,
Қаһармандық туады екен арманнан.
Өткен жылға
Өкпеміз жоқ,
Ерледік,
Отауымда – тәуелсіздік!
Көр, келіп.
Дос табам деп қилы-қилы қиырдан,
Құлаштарды
Алыстарға сермедік.
Айтарлықтай жақсылыққа кенелдім,
Жұтаңданған
Тапшылыққа кенелдім.
Рухы мықты
Қалың жұртым мойымас,
Келер жылда жатса керек,
Кені – елдің.
... Жаңа жылда
Ырыздыққа бөленгін.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі