Ойналық та күлелік – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Ойналық та күлелік» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 1
  • 4778
Жабы мінген жөнелмес,
Тіріде перне не көрмес.
Көтергенмен кеудесін,
Жақсыға жаман теңелмес.
Өлшеулі демі бітпесе,
Қырық жыл қырғын болғанмен -
Ажалы жетпей ер өлмес.
Тура құрық түскен соң,
Тырп етуге дәрмен жоқ,
Ұсынып мойын, кім көнбес?
Ойналық та, күлелік,
Сайран етіп жүрелік,
Өлген соң дәурен бір келмес!


Пікірлер (1)

таир

Осындай дана адамдардың ұрпағы ,жалпы ққазақтың қара баласы екендігімди мақтаны тұтам

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері