Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым

Бұл бетте «Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 720
Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым,
Жалын жуды көз жасым қос құла аттың.
Сіреп түскен санама сары уайым,
Енді кімді басқадай дос қымақпын?
Сарыарқаны сабылып, сенделемін,
Қу дүние қаңбақтай дөңгеледің.
Басым қайда қалады?
Сол – дүдәмал,
Берсең берші, көрейін, жөндеп өлім.
Қос құланы кезектеп жетеледім,
Келе жатыр танытып көкеме мұң.
... Күпселенген күртікті күрт-күрт тарпып,
Іздеп қояд тұқылын бетегенің.
Сыр бермейді қос пырақ қабырғалы,
Әппақ түзде қанша күн мамырлады.
Сүйегіне қарысқан қос сәйгүлік,
Жүрсе қуат көрсетер, қарымды әлі.
Бірақ қайда?
Жағады пендеге кім?
Сенде де мін табылар, менде де мін.
... Бірін мініп, біреуін жетекке алып,
Көкжиекте көрінбес сенделемін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Боқжамамды көтеріп бостым, лақтым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері