Құса

Бұл бетте «Құса» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 715
Құс жолында қанат қақты қыз-құса,
Шемен көңіл жерде оны сезбеді.
Ғасыр солай кірпік қақпай ызғыса,
Шер балқыр ма көздегі?
Ол жылауды ұмытқан.
Беріш болған көкіректе сан күдік!
Құсасына қарамастан,
Жұлдыз болып көз қысқан
Аспан қандай әңгүдік.
Таң атқанда,
Жаратқанға
жұлдыз біткен шулайды
Беріш –жүрек бүлк ете алмай,
Мендік жүрек тулайды.
Шулай берсін сансыз жарық,
Тулай берсін қамсыз ғаріп,
Енді Арзыгүл мендей қызды тумайды.
Ай астында
Дәуір көшіп барады!
Өңсіз тірлік өкпе қойдай жөтеліп,
Маған маңғаз қарады.
Ал тірілер мүлгіпті
Күні бойы кеудесімен
Бір-бір көрді көтеріп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құса өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Құса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері