Ән-күйімді сақтаған сайын далам
Бұл бетте «Ән-күйімді сақтаған сайын далам» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ән-күйімді сақтаған сайын далам,
Белгілі ғой бұл күнде жайың маған.
Зауалдардан қойының шұрық тесік,
Күнде егіліп,
Шарасыз уайымданам.
Сен жатырсың содан да тітіреніп,
Удан нәр ап барады
Шытыр өніп.
Жарылыстар біржола жоғалғанмен,
Ақбөкеннің азайды тұқымы өліп.
Сайым да аман тұрса екен, айым да аман,
Шарасызбын алдыңда, мойындағам.
Қара жердің киесі шамданбасын,
Мойыл да аман жайқалсын, қайың да аман.
Не істесең де ашып айт, ойыңды Адам!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі