Бұл бетте «Өтінемін, жанашырым, түсін мені» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтінемін, жанашырым, түсін мені,
Қыдырсың сен адамзат пішіндегі.
Шарана ат болғанша қанша заман,
Сіз берген тор биенің ішіндегі.
Ақтардым шемен-шерді сарқылмаған,
Айналдым сендей аға, нар тұлғадан.
Мен – тұма, сен – дария тасып аққан,
Қымбат-ау парасатты парқың маған.
Түз ұлы, берен баршын, қыр алыбым,
Даланың мойнындағы тұмарымын.
Жұма күн бағышталып,
Аруаққа,
Соңында оқылатын Құранымын.
Мекенің қу медиен, қыр алыбым,
Жүрсің-ау, алағызып,
Сірә, бүгін.
Салса егер ебін тауып, мұқалмайтын –
Қалған бір бабалардың құралымын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі