Жатырсың ба дамыл таппай

Бұл бетте «Жатырсың ба дамыл таппай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1130
Жатырсың ба дамыл таппай
Бал күнім?
Өзгертеді тірліктегі заңды кім?
Болса көрім тілегендей жан әкең,
Өміріңнің арты – шаттық,
Алды – мұң.
Мен отырмын көзімді ілмей аңсап тек,
Бүлдіршіндер қол созады самсап кеп.
Таба алмаймын, сені ішінен дөп басып,
Бір бөпені ұстармындай жаңсақ кеп.
Ойлап қоям:
«Қарлығашым, кеттің бе?
Шыдар екем қалай ғана көп күнге?
Табыс еттім аруағына әкемнің,
Жарқыраған содан кейін тек Күнге!»
Қарлығашым,
Қайдасың сен самғаған,
Өзіңді ойлап менде дегбір қалмаған.
Жүрсің бе екен
Сен томпиып бір жерде,
Қиналса да кері оралар жан мамаң.
Қош болып тұр,
Кіп-кішкентай сәбиім,
Құшақ жая қарсы алар-ау әлі үйің.
Мен өзіңсіз түсінбедім өмірді,
Тастап кетем көң тірліктің пәниін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жатырсың ба дамыл таппай өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жатырсың ба дамыл таппай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жатырсың ба дамыл таппай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жатырсың ба дамыл таппай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері