Өлең, жыр, ақындар

Айдан ару нәрсе жоқ

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6509
Айдан ару нәрсе жоқ,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі бейнет, көп дәулет
Біреуде бар да, бірде жоқ.
Іздегенмен таппайсың,
Осы кезде белгісіз
Талайдың орны мүлде жоқ.
Ғалымның сөзін тұтпасаң
Жаһилдің жолын ұстасаң,
Көретін шырақ шілде жоқ.
Қайда барсаң жамандар
Аяғың бассаң табалар.
Бір жерге бас қосылған
Екі жақсы елде жоқ.
Тұлғысын көріп, көз тойған,
Туымына - әркім ден қойған,
Билігін бұрмай тура айтқан,
Төбедей билер төрде жоқ.
Жауды көрсе сайланған,
Беліне садақ байлаған,
Бес қаруын асынып,
Белсенген нағыз ер де жоқ.
Қасынан қоңсы кеспеген,
Өзінен байлық өтпеген,
Қайырлы байды еш жерден -
Іздегенмен таппайсың,
Ол - аяқ жетер жерде жоқ..
Таққа мініп, таж киген,
Жұртына жағып, халық сүйген
Ғаріп пенен қасерге
Қамқоры сырттан көп тиген,
Әділетті хан түгіл,
Орнында оның ор да жоқ.
Ұлсыздарға ұл берген,
Қызсыздарға қыз берген,
Кереметін кезінде -
Естіп құлақ, көз көрген,
Әулие түгіл, бұл кезде
Топалаң тияр мерзімді -
Тораңғы біткен қорда жоқ.
Үстіп жүрсе, бір күні
Кіжінуменен құрғырың,
Бастан заулар дүние боқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қимылдап қал қызыл тіл

  • 0
  • 0

Он сегіз мың ғаламнан
Біз бір пенде Адамнан.
Неше дүркін ел өтті,
Содан бергі заманнан.

Толық

Мен Балқының базары

  • 0
  • 0

Сәлем беріп, қол алған -
Мен Балқының Базары!
Дәулетіңе кез келдім,
Сіз Тоқаның Назары.

Толық

Жамиығы қазақ бір туған

  • 0
  • 0

Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.

Толық

Қарап көріңіз