Ұлытау

Бұл бетте «Ұлытау» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1515
Әр тасыңда тарихым бар сарқынды,
Жүйрік жылдар түсіре алмас парқыңды.
Көз алмадым шодыр-шодыр шоқыңнан,
Сес көрсеткен айбынымен тартымды.
Жырлай алсаң бір-бір дастан әр саға,
«Хан орданы» «Ақ ордамен» пар сана.
Бауырыңда өтті қырқыс жойдасыз,
Қарап тұрдың міз бақпастан баршаға.
Сұлулық жоқ келбетіңе тең келер,
Пәс көңілге текті тұрқың дем берер.
Қасиетті сенің әрбір сілемің,
Ұлылықты күндемейді пенделер.
Таңғы ауамен терең алып тынысын,
Асқақ жатыр жаралғандай жыр үшін.
... Жойқын жорық басталарда даламда,
Ат ойнатып, тізе қосқан Ұлысым.
Түскен кезде мұқым елге ұлы сын,
Жинағанда батысы мен шығысын.
Алты алаштың ұлы келіп, бірігіп,
Қазағымның туын тіккен шыңысың.
Кім біледі, бәлкім содан Ұлысың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытау өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұлытау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлытау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері