Тоғызыншы тыныс

Бұл бетте «Тоғызыншы тыныс» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Бір мен үшін қызығы жоқ,
Бұл ғалам,
Сағым бәрі,
Қолды алыстан бұлғаған.
Өз-өзімнен қарап тұрып,
Жынданам,
Өз-өзімнен қорқамын да,
Жым болам.
Жүзіп жүрмін шер-мұхитта,
Кешем мұң,
Қоныс тепкем
Шаһарында кеселдің.
Өксік жұтып,
Дүниеге бір келіп,
Қақ тағалла,
Жалғаныңда бес өлдім.
Жолыма кіл тозақ тостың,
Сан қабат,
Пәк жүректі сайқал көңіл алдамақ.
Жаздай менің жадыраған жанымды,
Шіркеу салып, күйе бастың,
Таңбалап.
Шексіз екен, аңғалдық пен аусарлық,
Шама қайда,
Зарымды айтып,
Таусарлық.
Бір түкіріп, бәрін қиып кетер ем,
Ұмсындырды,
Сендегі бар кәусарлық.
Жеті түнде,
Жеті Қат Көк,
Қонғаным,
Дәл қасынан
Айды көрдім,
Толғанын.
Жеті бірдей қарақшы жүр
Жанымда,
Пері де бар,
Бірақ өзің болмадың.
Менің қайбір хал-жайымды
Ұқты адам,
Бір ісімнен
Дұрыс нәрсе шықпаған.
Жұматайдай
Қиялымнан қыз жасап,
Соның ғана
Сұлбасына
Сұқтанам...
... Тастай түнек –
Түн құшағы,
Зар салам,
Өзіңді аңсап,
Лауқиланып,
Шаршағам.
Сол түнекті
Бұзып-жарып жетпедің,
Жүрегімді кернеп барад,
Сарсаң ән...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоғызыншы тыныс өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тоғызыншы тыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоғызыншы тыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоғызыншы тыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері