Құлақтанып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Құлақтанып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Құлақтанып,
Аязға
Күн батады,
Түнде менің жұлдызым тіл қатады.
Азаптанған таусылып,
Күні бойы,
Жаным байқұс,
Жұмаққа шым батады.
Ұйықтамаймын,
Ділгірмін шарапатқа,
Болып біттім мүжіліп,
Қара қатпа.
Жұлдыз төксе сәулесін шым-шым ғана,
Дәру,
Шипа!
Кеудемде жарақатқа.
Тіл қатады жұлдызым,
Жымияды,
Шапағаты төбемнен құйылады.
Ада-күде бәрінен арыламын,
Жер бетінің жоғалып,
Зымияны.
Түскендеймін бұлауға,
Жайланамын,
Жеп-жеңілмін,
Әуеде
Айналамын.
Көтермейді бауырын барақы түн,
Тас қараңғы келбеті
Айналаның.
Қараңғылық,
Мен сенен жәннат таптым,
Құлаш ұрып,
Қойныңа қанат қақтым.
Бекер босқа бір күндік жарық үшін,
Пендешілік
Пәниде далақтаппын.
«Ғашық шығар, жұлдызым, жүзіңе Күн?..»
Барып-барып,
Жете алмай,
Сүзілемін.
... Тәмсілдікке тәнті етіп,
Таңға жақын,
Өзім де бір жұлдыз боп,
Үзілемін ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлақтанып өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Құлақтанып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлақтанып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлақтанып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері