Жаныма дерт батады меңдеп алған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жаныма дерт батады меңдеп алған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 887
Жаныма дерт батады меңдеп алған,
Бар дейсің қандай бақыт менде қалған?
Өткіздім өмірімді
Өксуменен,
Жолықпай бір жақсылық жөндеп алдан.
Егілем,
Зарығамын,
Торығамын,
Мен екем пәниде бұл соры қалың.
Кенеттен мүсәпір боп жасығаннан,
Достардан төменшіктеп,
Қорынамын.
Опық жеп,
Кей күндері жылап та алам,
Көңілім мұқалса да шыдап бағам.
«Жасыма, айығасың» дейді достар,
«Жақсы сөз – жарым ырыс».
Қуаттанам.
Таң атса
Үміттенем,
Селбесемін,
Бойына қарай берем кең көшенің.
Тәлейім солай шығар
Амал қанша,
Ажалға белдессем де көнбес едім…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері