Айкен-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айкен-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4570
Сен де келдің өмірге, мен де келдім,
Бірге жасап қызығын келер көргім, Айкен-ай.
Кел шырқалық, кел-кел-ай.
Елестесе көлеңкең көз алдыма,
Лүпіл қақпай жүрегім төзе алды ма? Айкен-ай!
Кел шырқалық, кел-кел-ай.
Не қылайын басқаның Қыз Жібегін,
Сүйген сұлу болған соң өз Жібегім, Айкен-ай.
Кел шырқалық, кел-кел-ай.
Алтын дәурен—жастық шақ жайқап гүлдей,
Достық бізге нұр төксін өшпес күндей, Айкен-ай!
Кел шырқалық, кел-кел-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері