Жастығың өтіп барады-ау – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жастығың өтіп барады-ау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 912
Жастығың өтіп барады-ау...
Теріліп бітпей гүлдерің.
Өріліп бітпей бұрымың,
Бақыттың кешіп бір көлін
Татып та көрмей шырынын.
Сүйікті болып бір көрмей,
Сүйіп те толық үлгермей.
Айнала қарап алғанша
Ағып бір өткен күндердей,
Жастығың өтіп барады-ау!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері