Дәрухана – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Дәрухана» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Дәрухана.
Көңіл де салқындаған,
Жоқ жанымда достарым аңқылдаған.
Күннен-күнге меңдейді тәнімді дерт,
Денсаулықты таппайсың алтынға, Адам!
Ойға батып түн ұзақ, күңіренем,
Жылжып уақыт кеттің-ау шырыны ерен.
Қоңыр тірлік көзімнен бұл-бұл ұштың,
Маған тағдыр қарайды қырыменен.
Жатқаныма жиырма күн шырматылып,
Жүрегім де шаршады сырға тұнық.
Содан бері төрт адам мәйіт болды,
Сөйтіп өмір барасың ырғатылып.
Жанып жатыр бір алау өзегімде,
Жетелейді уайым – өзі өлімге.
Тәлей солай, шама жоқ бұлтаруға,
Мылтығыңды сұм ажал, кезедің бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрухана өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Дәрухана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәрухана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәрухана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері