Шығармады қу тірлік шеңгелінен – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шығармады қу тірлік шеңгелінен» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 719
Шығармады қу тірлік шеңгелінен,
Тайқып кетті бір бақыт келгенімен.
Сәби-көңіл көнбейді алып-қашып,
Сартап сана салғанға көнгенімен.
Бор кеміктей сәт сайын мұқаламын,
Саф ауасы жақпады бұ қаланың.
Дөңбекшимін, төсекте дөңбекшимін,
Неге, Тәңір, бағымды жұқаладың?
Дәрухана.
Мезі етті солғындығың,
Өткенімді сараптап, шолдым бүгін.
Сау едім ғой құлындай құлан таза,
Аяқ асты мен ғаріп болдым бүгін.
Міне алмадым күміс жал тарпаңыма,
Жол шекпедім көк жиек шалқарыма.
Санам санға бөлінген, ойым мыңға,
Күмәнменен қараймын әр таңыма.
Керісінше кежегем тартады ма?..
Кеткен-тұғын ауып бір күн төбеден,
Ой қажыды жанымды,
Діңкелегем.
Шемен-шердің жеткені осы болар,
Жаза алмаймын, шаршадым,
Күлтелі өлең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шығармады қу тірлік шеңгелінен өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Шығармады қу тірлік шеңгелінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шығармады қу тірлік шеңгелінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шығармады қу тірлік шеңгелінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері