Ақ мамық – ұлпа төгілді

Бұл бетте «Ақ мамық – ұлпа төгілді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Ақ мамық – ұлпа төгілді,
Жасырып жердің сірісін.
Мұң басты бей-жай көңілді,
Ақ сезім әлі тірісің.
Түн қандай тымық,
Салыңқы,
Түзім де шерлі сыңайлы.
Күй кештім, жаным, жабыңқы,
Шерменде жүрек жылайды.
Күздегі кеткен көгілдір,
Көктемде қайта келмейді.
Қайшылық толы
Өмір бұл,
Кеудем бір әнге шөлдейді.
Басылмай кеткен сарығым,
Аңсаумен қалдым қаталап.
Ораласың ба, жарығым?
... Қар жауып кетті апалақ...
Жауапсыз қалған махаббат...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ мамық – ұлпа төгілді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ мамық – ұлпа төгілді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ мамық – ұлпа төгілді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ мамық – ұлпа төгілді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері