Жүректі дерт шалды

Бұл бетте «Жүректі дерт шалды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1016
Жүректі дерт шалды
Бітпеген,
Көңілді бал сезім күптеген.
Сағынам,
Жаныммен сағынам,
Сол бейнең көңілді
Үптеген.
Қайдасың,
Шырайлы Ай, Нұрым?
Айтайын сырымның қайбірін?
Тулайды қу кеудем тайша бір,
Түспей ме бейбаққа қайрымың?
Көрсем ғой тезірек,
Сарылдым,
Қу құдай, неге сен тарындың?
Сағындым, өзіңді
Өртеніп,
Жарыңмын,
Мен сенің,
Жарыңмын ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері