Періште ме едің ақ арман? – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Періште ме едің ақ арман?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 800
Періште ме едің ақ арман?
Тұлғаңды көріп таң қалам?
Маңдайың керім ағарған,
Жаныңды тозаң шалмаған.
Бадана көзің мойылдай,
Арбады
Естен тандыра.
Қараймын саған тойынбай,
Сезімнің отын жандыра.
Жүзіңнен көрем бір шуақ,
Ерніңде және нұр-тамшы.
Жүрегім әзер жүр шыдап,
Мойныңды бір сәт бұрсаңшы.
Мөлдірей қалған шырайың,
Еріксіз көркің тартады.
Арнадым жырдың шұрайын,
Жазарым және бар тағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште ме едің ақ арман? өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Періште ме едің ақ арман? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште ме едің ақ арман? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште ме едің ақ арман? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері