Толқынды өмір білемін
Бұл бетте «Толқынды өмір білемін» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өмір туралы өлең берілген.
Толқынды өмір білемін
Ырқыңды алған,
Тосып жүрдің еріксіз бір күнді алдан.
Жолықпадың
Бәрібір меніменен,
Кештеу ұқтың, дүние –
Шіркін – жалған.
Жаның сыздап жыладың теперіштен,
Мұңға батып қажыдың
Бекер іштен.
Аттай алмай сезімнен
Мәңгі кеттің,
Мен де ақымақ болыппын
Е-е, періштем.
Өтті уақыт, жыл жылжып,
Арада алшақ,
Бұл өмірге
Ой көзбен қараған шақ.
Ғашық едің сен маған,
Ескермедім,
Енді өзіңді қу көңіл барады аңсап.
Кешіргейсің, алдыңда
Аласарсақ,
Жүрегіңе беймезгіл жара салсақ.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі