Мына әлем жарқыраған самаладай

Бұл бетте «Мына әлем жарқыраған самаладай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Мына әлем жарқыраған самаладай,
Көздерің жәудірейді баданадай.
Қоштасып қала бердің көл шетінде,
Шарқ ұрып қанат қаққан шағаладай.
Мен кеттім елжіреген емешегім,
Тас жүрек, дінім қатты емес едім.
Төбеңнен «қош» деп ұштым,
Айна- көлім,
Болады енді қандай келешегің?
Жарқ етіп әппақ ұшақ көкке өрлеген,
Басымнан күй қалмады өткермеген.
Санама сан ой келіп, сан ой кетті,
Тым ұшқыр қиялым да шектелмеген.
Ой жеңіп, кей сәттерде қас қақпағам,
Лажсыз, жан еркем-ау, тастап барам.
... Есіме сен түскенде әлдеқайдан,
Көңілім пәстенеді асқақтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына әлем жарқыраған самаладай өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мына әлем жарқыраған самаладай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына әлем жарқыраған самаладай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына әлем жарқыраған самаладай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері