Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық –
Төреғали Тәшенов
Бұл бетте «Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық» атты Төреғали Тәшенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Тәуелсіздік алдындағы елең-алаң)
СССР – жоқ!
Қалайша?!
(Жан-халім ұқ!)
Тұрып қалдым аң-таң боп,
сәл қамығып.
Жалтақтаймын жан-жаққа,
бір-ақ сәтте
Үйсіз қалған адамдай,
аңтарылып.
Бақ па, сор ма?! –
басымнан ұшқан бүгін,
(Жарты жолда қалғандай басқан жүгім).
Ұшарымды –
білмеймін –
қонарымды,
Осындай ма ең,
оңай ма ең,
БОСТАНДЫҒЫМ!?.
Ұқтырып тұр
шыққан Күн,
аспан нені?! –
Қарап тұрып көзіме жас келгені...
Ескі үйімнің есігі мәңгі жабық.
Жаңа үйім жоқ...
О, Құдай, ескер мені...
1991 жыл
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі