Бола алмады дала, қала, үй мекен – Құралай Омар

Бұл бетте «Бола алмады дала, қала, үй мекен» атты Құралай Омар жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 947
Бола алмады дала, қала, үй мекен,
Бәрі өзгеше, көңілдегі күй бөтен.
Күтіп жүрсем кірпігіме мұз қатып,
"Мына аязда... ессіз шығар" дей ме екен?

Ақыл ауып, төзімімді тауысып,
Ай жаңарды, тағы да бір ауысып.
Елеңдемей жүрер ме едім, қайтер ем,
Естілмесе "келем" деген дауысы.

Түсініксіз отырысым, тұрысым,
Солым қайсы, қайсы оңым – дұрысым?
Ештеңе де керек емес, тек қана
Паналасам жүрегінің бұрышын,
Жай табар ем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері