Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi) – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арғы атасы қажы едi
Бейiстей татқан шәрбәттi.
Жарықтықтың өнерi
Айтуға тiлдi тербеттi
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермептi,
Мал түгiл жанға мырза едi.
Әр қиынға сермептi.
Мұңды, шерлi, жоқ-жiтiк
Аңсап алдын кернептi.
Бәрiнiң коңiлiн тындырып,
Бiреуiн ала көрмептi.
Әдiл, мырза, ер болып
Әлемге жайған өрнектi.
Тәубесiн еске түсiрiп,
Тентектi тыйып, жерлептi.
Қазақтың ұлы қамалап,
Iздеген жүзiн көрмек-тi.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермек-тi.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкiм келмептi.
Өлмейтiн атақ қалдырып,
Дүниеге көңiлiн бөлмептi.
Жарлығына алланың
Ерте ойлаған көнбек-тi.
Олар да тiрi қалған жоқ,
Тiрлiк арты өлмек-тi.
Оны да алды бұл өлiм,
Сабыр қылсақ керек-тi.


Пікірлер (3)

Әбіләз

Давай давай керемет

Әбілкайыр

Өте керемет

Айдос

Өте терең әрі әсерлі шығарма екен. Әбдірахман өлгенде өлеңі арқылы Абайдың қайғыны қалай жеткізгенін анық сезінуге болады. Осындай Абай өлеңдері мен мағыналы қазақ әдебиетін осы жерден оқыған ыңғайлы. Әр жолы ой салады, қайта оқығың келеді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері