Шамын жағып, жарқ-жұрқ етіп көзді – Құралай Омар

Бұл бетте «Шамын жағып, жарқ-жұрқ етіп көзді» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 937
Шамын жағып, жарқ-жұрқ етіп көзді
алдайды Астанам.
Жатсынамын, жүдетеді жалдап
алған баспанам.
Көше кезген аяқтарым, жел тербеген шаштарым,
Мүлкіндей боп көрінеді басқаның.
Қала шуын көкірегіме жеткізетін құлағым,
Шынымен-ақ менікі ме?
Жанарымнан сұрадым.
Түніменен жаңа жырдың сөздерін һәм жолдарын
Жазып берер жүрегім мен қолдарым,
Менікі емес сияқтанып жүремін,
Солай бәлкім, тек бір нәрсе білемін:
Өлең ғана өзімдікі, қалғанын
Елу жылға Тәңірден жалға сұрап алғанмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері