Тағдыр бәлкім ендігі сәт – Құралай Омар

Бұл бетте «Тағдыр бәлкім ендігі сәт» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 734
Тағдыр бәлкім ендігі сәт
Мұңдарымды шаттықпен алмастырар?
Жапырағы жер құшқан тал-теректер
Аппақ жаулық жамылып,
Күздің әнін басқаша жалғастырар.
Армандарым сияқты кіршіксіз, пәк,
Жерге аман жеттің бе, алғашқы қар?
Жауа түсші, ақ қарым,
Аспан жасын тыймасын.
Аяз қысып, мейлі, мейлі қинасын.
Мұзды ерітіп, тасты да балқытатын
Жүрегімде бір сезім бар,
Көңілімде күдік емес, күй басым...
Асығамын соған қарай,
Бақытыма жетер жолда
аппақ ұлпа – үмітіңді сыйлашы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері