Өлара түнiн жек көрiп – Құралай Омар

Бұл бетте «Өлара түнiн жек көрiп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1060
Өлара түнiн жек көрiп,
Сырлас Айым жерге жетпей, көкте өлiп.
Қиялымнан Ай мен сiздi тапқан ем,
Әлемiмнен алып кеттi көп көлiк.
Тәттi ойымды шуы бөлiп көшенiң,
Ұсынады “iше ғой” деп кесе мұң.
Жаным жасып жүргенде жалғыздықтан
Жұбатады дауысыңыз... кешегi үн.
Алданышым, арманымсыз, ығымсыз
...Жанарыма қонақтады шық үнсiз.
Сағынышпен тағы да бiр күн өттi...
Түсiмiзге енiңiзшi бүгiн сiз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлара түнiн жек көрiп өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Өлара түнiн жек көрiп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлара түнiн жек көрiп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлара түнiн жек көрiп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері