Сезімді – Құралай Омар

Бұл бетте «Сезімді» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Сезімді
Бұғаулай алмаған кезім-ді.
Тауысып сабырды, төзімді.
Ауысып...
Ес – бүтін, жүректің үніне ілесіп,
Сағынып қауышып,
Бақыттан ұмытқам өзімді.
Күй кешіп өзгеше, ұнамды,
Еңсені езетін тұманды
Таратқан
Қас-қағым,
Балдан да тәп-тәтті сәттерді – күнәмді,
Күнәсін
Кеше көр, Жаратқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері