Дәрменсіздің бірі мен – Құралай Омар

Бұл бетте «Дәрменсіздің бірі мен» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Дәрменсіздің бірі мен,
Жан өксиді дәмесіз.
Бұрынғыдай сағыныштың тілімен
Хат жазбайсыз және сіз.
Күңгірт бөлме, тек жалғыздық қасымда,
Жүрегімді түтеді кеп түбіттей.
Алыстадық. Хабарымыз расында
Үзілді ме үміттей?
Күн өтеді еңсені езіп зілдей мұң,
Сорлы сезім мөлтілдейді ішімде.
Түнге неге асығамын, білмеймін.
Өзіңізді көрем әлде түсімде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері