Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Қауіп

Бұл бетте «Қауіп» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Жан емес ем желігіп желп еткен де,
Жүгінбегем кіжініп жер тепкенге.
Өзімді-өзім хақ жолға түсірсем де,
Жүрегімді жүреді өртеп пенде...
Жұғады екен жұтаңның даты мыңға,
Жаным төзбей жасқанам жат ырымға.
Доллар үшін долыққа түсіп бүгін,
Қыздарың жүр қорқаудың тақымында...
Сыпырылып басынан кимешегі,
Келіншектей әжелер күй кешеді.
Бойжеткенің бойында ождан болса,
Қаны басқа қатпаға тимес еді.
Тықсырады тынымсыз ағыс, тебін,
Көру керек еді ғой алысты елім.
Пасықтықтан жидіген қуыс кеуде,
Мақтан етер қыз аңдып, «ақ» ішкенін.
Сол баяғы сорлатқан жүр таласың,
Тарих бетін сен қайтіп жырта аласың?
Аты озғанның алдынан ұра қазып,
Буындырып бересің жұрт ағасын.
Артық емес десек те көп білімді,
Игерсе де жер-әлем, көк-күніңді.
Ұмытпаған жөн еді бабалардың,
Бастан кешкен тарихын деп тұруды!
Барғаныңмен күніне Марсқа сан,
Бәрі бекер, елдік деп алыспасаң.
Ең зор қауіп рухани жұтаңдық та,
Әдебиет – арыңнан алыстасаң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауіп өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Қауіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері