Қыз құласа

Бұл бетте «Қыз құласа» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Құтылсақ та кешенің құрығынан,
Құйтұрқылар жүр әлі құрып лаң.
Шексіз аспан көрініп шектілікпен,
Қамаудағы қарайды құдығынан.
Қайран ұрпақ қайтейін, халы мүшкіл,
Ұл-қызыңды жайратқан жарылыс бір...
Қалыбынан айрылып, қазағымның,
Жат мінездер билепті жанын ұшқыр.
Бірі тұман, күндердің, бірі күмән,
Іліп алар нең қалды,
Ірі күнәң.
Ұяты мен ұлтымның ұлы көшін,
Байқау керек қыздардың қылығынан.
Қаптап жүрген заманда құзғын аса,
Кетіп бара жатырмыз мұзды баса.
Қансырайды ұлтымның қасиеті,
Ең әуелі азғындап қыз құласа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз құласа өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыз құласа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз құласа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз құласа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері