Өлең, жыр, ақындар

Біреуді біреу жәбірлеп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Біреуді біреу жәбірлеп,
Айнала айғай, дабыр көп.
Жүгенсіз мынау жалғанда,
Сабырлы ет, Аллаһ, сабырлы ет!
Сабырлы ет, Аллаһ, сарқылмас,
Нәжіске батты салтым лас.
Жүрекке иман, пәктік бер,
Тотықпас әрі шаң тұрмас.
Тіліме – тізгін тұсағын,
Туралық үшін күш-ағын
Жұмсалсын тегіс!
Ашылсын
Аллаһ деп қана құшағым!
Аллаһ!
– Сабыр, жетемін!
Жүрегім болсын мекенің.
Басқаны қайтем, баянсыз,
Өзіңе ғана кетемін.
Исламға жүйрік қанық ет,
Иманның асыл дәнін ек.
Анадан туған сәбидей,
Күнәсіз етіп қабыл ет!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреуді біреу жәбірлеп өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Біреуді біреу жәбірлеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Біреуді біреу жәбірлеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреуді біреу жәбірлеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері