Кешір Аллаһ!

Бұл бетте «Кешір Аллаһ!» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Кешір Аллаһ!
Жүрегі тас пендеңді жібітуге жоқ шара,
Оның басын мен емес, сен саласың ноқтаға.
Санасына сәулені түсіретін тағы өзің,
Мен тоқтата алмаймын,
бара жатыр оппаға...
Қасарысқан қырсығы биік еткен өз ісін,
Қожасындай әлемнің ойы – «асқар»,
сөзі – «шың».
Тек өзі пәк қатеден, басқалардың міні мың,
Сабадағы айрандай көрсең оның божысын.
Тірсегіне келмейді тірлік етіп жұп құру,
Мүмкін емес, ол үшін адамдықты ұқтыру.
Өз бойының қай жерге келерінде ісі жоқ,
Өкірештеп әйтеуір айтқанында нық тұру...
Бір жұғыстық болар ед адамдардан дарыса,
Аршын төсін жабар ед иман жолын таныса.
Ортамыздан осылай озып шығып жатады,
Мыстан кемпір тағына
таптырмайтын «Ханыша».
Пенделерді бұрады әр қиырға әр таным,
Мен мойныма Аллаһтың
парыздарын артамын.
Көкдолымен көргенсіз Хаһтың
жолын тапса екен,
Зікір айтып күбірлеп таспиғымды тартамын.
Кешір, Алла!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешір Аллаһ! өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Кешір Аллаһ! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешір Аллаһ! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешір Аллаһ! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері