Иман күзетші – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Иман күзетші» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Періштем – қатал тергеушім,
Әзәзіл – алдар жақтаушым.
Менмендік – құртар көрнеу сұм,
Сабырым ғана – сақтаушым.
Осыны білер бұл Бегің,
Тізгінін үзді тілінің.
Не сұмдық, көкіп – үргенім?!
Жаралап жанын тірінің...
Шайтанның досы – ызалық,
Шатқаяқтатып жығады.
Қысылдым жаман қызарып,
Жүрегім сонсоң жылады.
Ашқанша ізет ұйқысын,
Дөкірлік құрды үстемдік.
Болдым да шықтым итқұсың,
Жүйкеме қайдан түскен құрт?
Ақылға мүлдем қонбайтын,
Пенделік дертке не дейсің?!
Ібілістерден қорғайтын,
Күзетшім Иман, жеберсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері