Қартайдым да қор болдым

Бұл бетте «Қартайдым да қор болдым» атты Есет би жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4652
Қартайдым да қор болдым,
Күн сенікі, жастарым!
Кәрілікке жеткізсе,
Талайды көрер бастарың.
Заманымда өзімнің
Еңсеріскен ер көрдім.
Белсеніскен бел көрдім.
Жасанысқан жау көрдім,
Тізелескен дау көрдім.
Бір өтірік болмасын,
Табаным тайып қашпадым.
Түгел ердің жолдасы -
Тілектес болған дос-жарым.
Сол дәулеттің тұсында
Самарқандай сапырып,
Шапқан шөптей жапырып,
Аспадым да, таспадым,
Қанды көйлек жолдасты
Сары алтындай сақтадым.
Менің көрген затым бұл,
Төкпей- шашпай қолданып,
Ортаңа сүйреп тастадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қартайдым да қор болдым өлеңінің авторы кім?

Есет би — осы өлеңнің авторы.

Қартайдым да қор болдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қартайдым да қор болдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есет би өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қартайдым да қор болдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері