Қас қара нар мен едім

Бұл бетте «Қас қара нар мен едім» атты Есет би жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5777
Тауға біткен қайыңның
Солқылдар басы жел өтсе.
Тоғайға біткен жоңышқа
Солғын тартар күн өтсе.
Ерні салпы ер аты
Семірмес қайта ер өтсе.
Еңкейіңкі тартады,
Ер қолынан мал кетсе.
Арбадан үркіп жаман ат,
Ер салдырмас жал бетсе.
Қайыры болмас ғаріпке,
Асылсызға мал бітсе.
Тәңірден тілеп алған ұлдарың
Тіл қайырар ер жетсе.
Хан бұрылып қараған,
Би бұрылып сұраған -
Ажары болмас арудың
Екі он бестен жасы өтсе.
Сылдырап белін шешінген,
Назданып аяқ көсілген -
Алғаныңа, жандарым,
Қадірің кетер күн болар
Ер қартайып, жас жетсе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қас қара нар мен едім өлеңінің авторы кім?

Есет би — осы өлеңнің авторы.

Қас қара нар мен едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қас қара нар мен едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есет би өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қас қара нар мен едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері