Шаңғытбай қорасында

Бұл бетте «Шаңғытбай қорасында» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1817
Кіндік қаным тамған жер, тиген өкшем!
Жатыр, міне, тып-типыл жермен жексен.
Жыңғыл жондым бұл жерде, сақа құйдым,
Енді, міне — құлазып қалған тепсең.
Иірмекіл бұл жерде ойнаған ек.
Ыза мен дық болмайтын ойда бөлек.
Тәутұқыр мен баспадан, қанталапай...
Бәрі де жоқ: жұп-жұрдай мұз-қара көк.
Не болмады бұл жерде, өтпеді не?
Тіршіліктің асуы, өткелі де.
Басталды ғой мен үшін осы арадан,
Басталды ғой өмірдің көктемі де.
Түсті-ау мұнда талайлар отқа, суға;
Болды-ау мұнда боқтасу, достасу да;
Болды-ау мұнда айт, аза, ант пен алғыс;
Қауышу мен танысу, қоштасу да.
Соқпай мұнда өткен жоқ қапа, зар да,
Болды мұнда опасыз, опадар да.
Отқасалар, отырмақ, ойын-оспақ...
Ұзатқанда сыңсыды-ау апалар да.
Жатыр енді жалаңаш жабдан жайым,
Кәрі жұртта тұр тұнып арман, уайым.
Діңкем құрып түнерем, дым шығармай,
О, бишара ақ бесік, айналайын!
Ойран болып ақ бесік жатыр әні,
Байғыз зарлап ойраннан шақырады.
Садақасын ұрлатқан дәруіштей
Жасын сығып Қуандық аһ ұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаңғытбай қорасында өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шаңғытбаев — осы өлеңнің авторы.

Шаңғытбай қорасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаңғытбай қорасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Шаңғытбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаңғытбай қорасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері