Ұстаз – Айдын Оңласын

Бұл бетте «Ұстаз» атты Айдын Оңласын жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Білім беріп,жол нұсқайтын балаға,
Ұстаздарға бас иеді дана да.
Жүректеге нұр береді ұстаздар,
Аспандағы жарқыраған жұлдыздай.

Білім атты сарқымайтын теңізде
Ұстаз бізге бағыт-бағдар береді.
Шәкірттерге білім кілтін сыйлайтын
Болашақта ұстаз болғым келеді.

Ұстазың,ол-ата-анаңдай ардақты,
Ойы ұшқыр,білімі мол салмақты.
Мен оларға құрметпен бас иемін.
Бар білімін шәкірттерге арнапты.

Арналады осы жанға жыр-әнім,
Ұстаздар деп шаттан ән саламын.
Балалардың жүрегіне нұр құйып,
Білімменен сусындатар ол бәрін.

2013


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар