Әлемге керекпін Мен! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Әлемге керекпін Мен!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1145
Жанардың қуысында,
Жазбаған жатыр әнім.
Жүрегім, уысыңда,
Жамылар топырағым!

Өзіме өзім бөтен,
Неліктен зорсынамын.
Кездерім төзімге тең –
Келеді жол сұрағым...

Құрдымға түсіп кетпей,
Ішімнен тына бердім.
Жанымнан ұшып кетпей,
Жүрегім тұра бергін!

Сейілмес базынам да,
Жазылмай жатыр әнім.
Өмір боп жазылам да,
Өлең боп оқыламын!

Ақынмын, дерегім саз,
Өрлеймін өр екпінмен!
Әйелге керегім аз,
Әлемге керекпін Мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері