Тойбастар – Абыл Тілеуұлы

Бұл бетте «Тойбастар» атты Абыл Тілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.11.2015
  • 0
  • 0
  • 12245
Әліпте жиырма тоғыз бірі – мим,
Білгенге өлең деген емес қиын.
Алқада қызыл тілді сайратайын,
Әлеумет, күнде болмас мұндай жиын.
Жарқыным, айттым өлең жиыныңда-ай,
Өлеңім тал құрықтың қиынындай.
Жел сөзді Тәңір берген не қылайын,
Өзгедей отыра алман тыйылып-ай.
Әркімнен пелде-пелде өтер заман,
Жүргенде жан ұяда есен-аман,
Тойыңды біз басталық, риза бол,
Іркіліп, айта алмайды кейбір жаман.
Өлеңім айтсам тәтті шекер балдай,
Дем берсе, тіл мүдірмес, Жаббар Алла-ай.
Қарасам бедеріңе, әдемі екен,
Ен нудан кесіп алған құба талдай.
Қай жалған мына жалған, дүние жалған,
Дүниеден мынау пәни кімдер қалған?!
Сәтіне сәрсенбінің той жасапсың,
Тілекті қабыл еткей Жаббар Аллаң.
Дүние диірменнің бұрғысындай,
Барасыз сіз бір елге жыл құсындай.
Көркіңе көрген адам тояттаған,
Басыңның естуші едім бұлдысын-ай.
Бәрін де білуші едім әр нұсқаның,
Сыртыңнан сөз айтпаған дос, дұшпаның.
Салғанда таразыға тең құрбыңнан,
Артық-ты өзге қыздан қырық мысқалың.
Жылжыған көзді судың ағынындай,
Боз бұлттың жерге түскен сағымындай,
Отырсыз сіз бір елге ниет етіп,
Жас дәурен, шолақ болдың неғылып-ай?!
Жалт етіп көрінгендей алтын сырғаң
Дүние қызыл түлкі асқан қырдан.
Жалғанның жылыстаған жылы сондай,
Әлеумет, аз да болса, болың риза.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойбастар өлеңінің авторы кім?

Абыл Тілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Тойбастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойбастар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абыл Тілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойбастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері