Табыттың ішінен – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Табыттың ішінен» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 788
Мариана -
Түпсіз терең шұңғыма ойдан жалықтым,
Айсберг-жүрегіме мекендепті алып мұң.
Таңертеңмен тереземнен күлім қағып жарық күн,
Талып-талып естіледі үні кешке табыттың.

...шынымен -
Жалықтым, кірледі кіршіксіз көңілім,
Бес күннің шеткері тұсында күлкі де, төрі - мұң.
Меридиан маңында өткелек тұр іздеп өмірім,
Экватор шалғайда қалды ма?..
Күттірмей кел енді, Өміршең - Өлімім...

Сені аңсап, қарашығы суланды жанардың,
Сені аңсап, таусылды, талайлы тағдырға тағар мін.
Ей, жалған өзіңнен таппаған бақытты күндерді,
Тар шеңбер, аядай, табыттың ішінен табармын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері