Жүрегімді жұлып алып кеткен қыз! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Жүрегімді жұлып алып кеткен қыз!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Ойларымның ойдым-ойдым аралы,
Жапырақтай жаным неге жаралы?
Мен жайында хабар естіп қаралы,
Жиегімнен жұлдыз құлап барады.

Көңілімді күпті қылмай бос аулап,
Маңдайымда мандымады асау бақ.
Жиегімнен жұлдыз жылжып барады,
...екі көзі жасаурап...

Өзегімді өрте, өлтір өткен күз,
Өткен күзге өкінішпен жеткенбіз.
Жүрегімді жерге әкетіп барады,
Жүрегімді жұлып алып кеткен қыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері