Бұл бетте «Сыр ашу» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзіме емес,өзгеге емес — халқыма
Еңбек еттім, бір дем алмай, алқына.
Ұлыма емес, тілек тілеп еліме
Өмір сүрдім жүрек жара, сарқыла.
Сыр ашайын: елемедім есірді,
Ерегеспен қанша түйін шешілді.
Қыл көпірден талай өттім, әзірге,
Мүмкін, Тәңір көп қатемді кешірді.
Сескенбеймін улы жылан зәрінен,
Қорықпаймын тірі пенде көрінен.
Өзім салған бір жіңішке жолым бар.
Алып шыққан қиындықтың бәрінен.
Өкініш көп, қолымды кеш сермеп
Мен көбіне бос жарыста терлеп
Өкініш-ай, қамал бұзар шағымда
Бар қуатты сарқып елге бер.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі