Бұл бетте «Бабам салған ән-сарын» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Нұрғиса Тілендиевке)
Асаулау бұл ағаның әні тентек
Жатыр ма буырқанып, жаны, сенсек
Толқиды күй мұхиттай көкірегі —
Солай деп, Нұрекеңді, таны сен тек.
Ұмытып қасымдағы "аңсарымды",
Тыңдаймын бабам салған ән-сарынды.
Жан жібіп, тән балқыса, сезім — мейір,
Жіберді жұмақ қылып "қаңтарымды"
Құямын жүрегіме ерке мұңын —
Мына кеш неге сонша келте бүгін
Үлгердім табиғаттың танып бірақ,
Сыр айтқан Нұрекеңе еркелігін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі